Израиль Сирияға шабуыл жасады
Израиль Сирияға шабуыл жасады
Израиль әскери-әуе күштері 18 ақпан күні кешке Сирия астанасына соққы берді, салдарынан бес адам қаза тапты. Әуе шабуылынан төрт бейбіт тұрғын мен бір сарбаз көз жұмды. 15 бейбіт тұрғын жарақат алды, олардың кейбіреуі ауыр жағдайда. Сириялық БАҚ-тың кейбір расталмаған мәліметтері бойынша, қаза тапқандар саны артты. Дамаск маңында түсірілген суреттер мен бейнелер бірнеше ғимаратқа үлкен зиян келтіргенін көрсетеді.