Қарағандыда полиция бекеттерінің бірінде тәртіп сақшысы қаза тапты
Қарағандыда полиция бекеттерінің бірінде тәртіп сақшысы қаза тапты
2,941
оқылды
Қарағандының учаскелік полиция бекеттерінің бірінде тәртіп сақшысы көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін, 19 ақпан күні сағат 14:40 шамасында болған. Ол жайында Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қарағанды қаласындағы учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжам бойынша қойған диагнозына сәйкес, жүрегі тоқтап қалған», – деп мәлімдеді департаменттен.