Ертең Екібастұздағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды
Ертең Екібастұздағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды
708
оқылды
20-24 ақпан аралығында Екібастұздағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы Қалалық білім бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
«20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қашықтан оқуды жалғастырады. Балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істейтін болады» делінген Білім бөлімінің Іnstagram парақшасында жарияланған хабарламада.