БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық жол жабылды

БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында күн райының нашарлауына байланысты жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 19 ақпан күні сағат 11:20-дан бастап республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы (0-213 км, Чапаевтан Казталовқа дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Сондай-ақ, сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар Атырау-Орал (372-189 км, Чапаевтан Атырау облысының шекарасына дейін) жолы қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылды.