Димаш коронавирустан қалай қорғанатынын айтты

Димаш коронавирустан қалай қорғанатынын айтты

«Союзное вече» сайтының тілшісіне сұхбат берген Димаш Құдайберген «Арнау» тур концерті жайында және коронавирустан қалай қорғанып жүргені турасында ойын айтты, - деп хабарлады nege.kz.  «Концерт жаңа форматта өтеді. Қойылымы, режисурасы, бәрі басқаша болады. Өткен турдағыдан бөлек, жаңа әндер бар. Қазақ, қырғыз, орыс, ағылшын және француз тілдерінде», - дейді Димаш. «Қытайда көп өнер көрсетесіз, ол жақта миллиондаған тыңдарманыңыз бар. Коронавирустан қорықпайсыз ба?» деген сұраққа Димаш былай деп жауап берді: «Жұқтырып алмау үшін бәрін жасап жүрмін. Маска киемін. Қытайдағы тыңдармандарыма денсаулық тілеймін, эпидемия тезірек тоқтаса екен. Олар үшін жаным ауырады. Қытайлық фанаттарым музыканы жан-тәнімен сүйеді. Менің концерттерім үшін бір қаладан екінші қалаға ұшып барады. Біз үлкен отбасы сияқтымыз».