Осынау қаржылық пирамидаға шымкенттік бір топ адам салымшы болып, ақша құйған. Салымшылар Шымкент қалалық полиция департаментіне бұл туралы арыз түсірген соң жедел топ іске кіріседі. ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігімен (қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және басқару) «ESTATE Lombard» ЖШС және «Гарант 24» ЖШС-ге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ESTATE Lombard» ЖШС-нің директоры ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. https://www.youtube.com/watch?v=hacqF9Z6efo&feature=emb_title Ал, «Гарант 24» ЖШС филиалының директорын ұстау үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.
Н. НАЗАРБЕК.