Ақмола облысында минивэн локомотивпен соқтығысып, үш адам қаза тапты
Ақмола облысында минивэн локомотивпен соқтығысып, үш адам қаза тапты
1,108
оқылды
Ақмола облысының Шортанды кентінде минивэн автокөлігі өтуге тыйым салатын бағдаршам дабылына қарамастан теміржол бойындағы локомотивпен соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Суыт оқиға Шортанды кенті станциясында орын алды. Сағатына 41 шақырым жылдамдықпен келе жатқан №2026 пойыз таңғы 6:41-де минивэн көлігімен қақтығысудың салдарынан оқыс тежелуге мәжбүр болды. Жедел медициналық жәрдем 06.50-де жеткізілді. Үш адам оқиға орнында бірден жантәсілім еткен. Тағы екі адам дереу Шортанды аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылса, екі адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Локомотив бригадасы болған оқиғадан қатты есеңгіреп шок алғандықтан әріқарай жол жүруден бас тартқан. Оған Щучинск қаласынан арнайы бригада аттанған. Қазіргі уақытта локомотив бірінші жолда тұр. Басқа пойыздар екінші жол арқылы жүріп жатыр.