Екібастұздағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.
«20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қашықтан оқуды жалғастырады. Балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істейтін болады» делінген Білім бөлімінің Іnstagram парақшасында жарияланған хабарламада.Еске салайық, кеше Екібастұздағы жылу электр орталығында желілік су құбыры зақымдалып, нысандарға жылу беру азайтылған еді.