Астанадан шығатын тасжол жабылды
Астанадан шығатын тасжол жабылды
Фото: tolqyn.kz
1,189
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты Астанадан шығатын тасжол жабылды, – деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол". Бүгін сағат 18:30-дан бастап қалың қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығында (трассаның 18-231 шақырымы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 21 ақпанда Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады.