15 өңірде ескерту жарияланды
15 өңірде ескерту жарияланды
Фото: turkystan.kz
1,383
оқылды
"Қазгидромет" РМК 21 ақпан күні бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 21 ақпанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Астана қаласында жолдарда көктайғақ, түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғады. Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Қостанай облысының басым бөлігінде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.