СҚО-да жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды
СҚО-да жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды
Фото: smartik
655
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында бір күн бұрын жоғалған ер адамның денесі қар астынан табылды, – деп хабарлайды Рolisia.kz.
«19 ақпан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне хабар түсті. Онда сағат 14:00 шамасында Янко станциясынан Ғ.Мүсірепов ауданының Жаңасу ауылына қарай 45 жастағы ер адам жаяу шығып кеткені туралы айтылды. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан іздестіру іс-шараларын жүргізуге 3 жедел топ құрылды. Жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Тағы бір топ іздеуге атпен шықты. 20 ақпан күні Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде жоғалған адамның денесі қар астынан табылды. Зорлық белгілері жоқ» делінген полиция мәліметінде.
Хабарланғандай, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша анықталады. Процедуралық тексеру жүргізіліп жатыр.