Атыраулық полицейлер 3,5 мың литрге жуық заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі

Атыраулық полицейлер 3,5 мың литрге жуық заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі

Ірі көлемдегі алкогольдік ішімдік партиясы Жылыой ауданыныі Құлсары қаласында орналасқан қоймалардың бірінен табылды.

" Қойманы тексеру кезінде 3,194 литрды құрайтын 6600-ден астам шыны бөтелкеге құйылған жалпы құны 7 млн теңгеге жуық арақ өнімдері табылды.Аталған қылмысқа қатысты 51 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен (Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.
Арнайы операцияны Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізді. Баян Жанұзақова