Ақтөбеде пойыз бен жүк көлігі соқтығысты
Ақтөбеде пойыз бен жүк көлігі соқтығысты
1,444
оқылды
Самара-Шымкент тасжолындағы теміржол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік тиеген жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды. Департамент мәліметінше, Самара-Шымкент тасжолындағы оқиға бүгін сағат 15:50-де тіркелді.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөлік жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына тоқтамаған. Сөйтіп пойызға соқтығысқан. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Сарқұлов.
Жүк тиеген көлікте барлығы 4 жеңіл көлік болған. Оның төртеуі жарамсыз күйге түссе, өзгесі бүлінбеген.