«Страндж-2023» турнирі: Ерасыл Таңқай қарсыласын нокаутпен жеңді
«Страндж-2023» турнирі: Ерасыл Таңқай қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық Ерасыл Таңқай Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ел құрамасынан бірінші болып рингке шыққан ол, 60 келі салмақта италиялық Даниэле Салерномен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Екінші және үшінші раундтарда Италия боксшысын нокдаунға да жіберген еді. Осылайша ол жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Мамандар арасында «Страндж» турнирі кіші әлем чемпионаты ретінде бағаланады.