Астанада 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Астанада 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Астанада қар тазарту жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр. Күн сайын қар күреу жұмыстарына 1,5 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 1 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылады. Тек 20 ақпанда күндізгі уақытта көшелер, жолдар, алаңдар мен тротуарлардан 19 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл жүк көліктерінің 1 577 рейсі. Қыс мезгілі басталғалы қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, қар полигондарына 268 459 рейс жасалды.