Тазы мен төбет стандарты бекітілді

Тазы мен төбет стандарты бекітілді

Қазақы ит тұқымдарының стандартын бекітуге қатысты тың ақпарат шықты. Стандарт бойынша қазақы иттердің тазы және төбет түрлерінің толық сипаттамасы берілген. Жазбада «жарғақ құлақ», «ты­қыр тазы» сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шаша­ғы жоқ) рұқсат етілетіні айтылады. Стандарт бойынша тазы тұқымы – бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі – 103 параметрімен сипатталады. Сонымен қатар төбет иттің де сипаттамасы берілген.

«Шоқтығының биіктігі құ­йым­шағының биіктігіне тең. Басының ұзындығы шоқтық биіктігінің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзын­дығы шоқтық биіктігінен ша­ма­мен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер қаншықтарға қа­рағанда біршама жинақы. Төбет­тердің оңтайлы бойы 72-76 санти­метр, қаншықтардікі 68-72 сан­тиметр», – делінген стан­дартта.

Айбике ЖАНАСЫЛ