ШҚО-да жолаушылар автобусын қар көшкіні басып қалды
ШҚО-да жолаушылар автобусын қар көшкіні басып қалды
Фото: astanatv.kz
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні  адамдар болған автобусты басып қалды. Жолаушылар арасында балалар да болған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Еңістегі қар массасының жылжып бара жатқанын байқаған жүргізуші автобусты тоқтатып үлгерген. Қар көліктің есіктері мен шатырын ғана басып қалған. Автобусты қар құрсауынан басқа жолаушылар босатып алды. Бір күн бұрын Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупі туралы хабарлағанымен, туристер мұны ескермеген. Оқиға демалыс орталықтарына апаратын көлік көп жүретін жолда болған. Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Таулы аймақтардағы жолдар сағат 20.00-ден 06.00-ге дейін жабылды.
«Қар көп жиналған тау беткейлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Қыс басталғалы 260 мың текше метрге жуық қар түсірілді»,–  деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Лискова.
Синоптиктер де алдағы күндері термометр плюс жеті градусқа дейін көтерілетінін болжап отыр. Сондықтан  су басу қаупі бар жерлер ерекше бақылауға алынған. https://www.youtube.com/watch?v=_w4kic8XMNs&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%90%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%2FAstanaTV