Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды

Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды

Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды, – деп хабарлады otyrar.kz. Олар 16 ақпан күні «Тұран» ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан белгісіз бағытқа шығып кеткен еді. Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді. Қазір оларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.

«Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет көрсетілмегенін жеткізді. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізілуде», деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева.