Павлодарда қазандық жарылып, 2 адам күйіп қалды
Павлодарда қазандық жарылып, 2 адам күйіп қалды
Фото: pavlodarnews.kz
460
оқылды
«Павлодар» ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған. Оның салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады. Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті. Оның біреуі - компрессор-оператор болса, екіншісі - автогаз тасығыштың жүргізушісі.
«Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттар медициналық орталығының бригадасы жіберілді», – деді облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз орталығы.