«AMANAT» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихат депуттатығына үміткер Фарида Жүнісова мен Сұлтан Өсербаев Сарыкемер ауылында орналасқан орталық ауруханаға қарасты емхана қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар «AMANAT» партиясы 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысының сапалы және уақтылы болуын айрықша назарға алатынын жеткізді. Сондай-ақ «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде 30 жаңа медициналық нысан ашу үшін шаралар қабылданатынын атап өтті.
Өз кезегінде дәрігерлер ұжымы әлі күнге дейін түйіні шешілмеген бірқатар мәселелерге тоқталды. Олардың айтуынша, емханаларда білікті медициналық кадрлардың тапшылығы қолбайлау болып отыр. Кандидаттар «AMANAT» партиясы жыл сайын денсаулық сақтау ұйымында кемінде 160 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға көмектесіп, кемінде 38 дәрігер біліктілігін арттыру үшін жетекші шетелдік медициналық клиникаларға жіберіледі деді.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді