Астанада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Астанада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Елордада коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазарту бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Астана әкімдігінің хабарлауынша, 21 ақпанға қараған түні елордадан 16 мың текше метрден астам қар шығарылды. Таңертеңнен бастап елорданың көшелері мен жолдарын тазартуға 2 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Атап өтейік, қыс басталғаннан бері қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Ол үшін қар полигондарына 269 703 рейс жасалды.