Кандидаттар сайлаушылармен кездесті

Кандидаттар сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл ауданына қарасты Гродеково ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Дауыл Бейсенқұлов «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында өңір-өңірлерде әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың ең маңызды қажеттіліктері ескерілді. Олардың ішінде ең маңыздысы – тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету. Бүгінде облыстың 367 ауылдық елді мекенінің 285-і орталықтандырылған сумен қамтылса, 82 ауыл тұрғындыра орталықтандырылмаған суды пайдаланып отыр. Бұл мәселені оң  шешу мақсатында партия тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылатын болады. Бұдан бөлек, партиялық білім беру мен мәдениет саласындағы ілкімді істерге белсенді араласпақ. Өз кезегінде халық табиғи газбен қамтылып, ауылдық жерлерде спорт нысандарының қатары көбейе түспек, – деген Дауыл Ынтықбайұлы сайлаушыларды партия ұсынған кандидаттарға дауыс беруге шақырды. Бұдан кейін, сөз алған кандидаттар Сайд Бегманов пен Бегалы Ералиев сайлаушыларға өз бағдарламаларын таныстырды. Айта кетейік, қос үміткер өз сөздерінде кәсіпкерліктің дамыту қажеттігін баса айтты. Ол жұмыссыздықты азайту үшін жастарды кәсіпке баулып, жол көрсетуге дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Есіктен – есікке» акциясы аясында Гродеково және Жалпақтөбе ауылдарындағы бірнеше шаңыраққа бас сұқты. Осылайша, партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламамен таныстырып, үнпарақтар таратты.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.