Тұрмыс сапасын жақсартуға басымдық беріледі

Тұрмыс сапасын жақсартуға басымдық беріледі

Оралда «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған кандидат Снежанна Имашева және БҚО мәслихатына ұсынылған кандидат Дінмұхамед Сәтбаев  Uniserv  компаниясының ұжымымен кездесті. Кандидат Дінмұхамед Сәтбаев  Uniserv  компаниясына еншілес «Uniserv Транс» кәсіпорнын басқарады. Компанияда 330-дан астам адам еңбек етеді. Оның 120-сы вахталық әдіспен жұмыс істеп жүр. Компания жол құрылысы саласында беделді ұйымға айналды. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүргізілген құрылыс жұмыстарын сапалы атқара білді. Дінмұхамед Сәтбаев еңбек ұжымын саяси науқанда белсенділік танытуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. Мәжіліс депутаттығына үміткер Снежанна Имашева партияның сайлауалды бағдарламасында еңбек адамдарының рөліне мән берілгенін атап өтті. Соның ішінде табыс көлемін арттыру, медициналық қызмет сапасын жетілдіру, еңбек құқығын қорғауға басымдық беріліп отыр. «Дәрігерлердің, мұғалімдердің жалақысы жылдан-жылға артып келе жатқаны сияқты өзге де сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш саламыз», – деді кандидат. – Партияның алға қойған мақсат-міндеттерінің жүзеге асуына әрбір азамат үлес қоса алады. Тұрғындар саяси науқанға атсалысып, өз ұсыныс-тілектерін білдіруі қажет. Жиналған ұсыныс-тілектерді саралап, тиісті жұмыстардың жүйесін қалыптастыра аламыз. Саяси ұйым, әсіресе жастарға мол мүмкіндіктер сыйлауға күш салуда. Білім саласын одан әрі дамытып, білімді әрі тәжірибелі мамандар даярлауымыз қажет. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей аламыз. Ал бәсеке мен сапа бар жерде халықтың тұрмыс жағдайы едәуір арта түсері анық, – дейді Снежанна Имашева.   Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.