Әлем чемпионын көшеде өлтірген сәттен видео жарияланды
Әлем чемпионын көшеде өлтірген сәттен видео жарияланды
© видеодан алынды
19,755
оқылды
Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-дан NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті. Бұл туралы 112 Telegram арнасы хабарлады. Грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үйінен таңғы төртте біреумен сөйлесуге есік алдына шыққан, одан кейін өлі табылды. Кейін желіде Мардановты өлтірген сәттен видео жарияланды. Онда шабуылдаған екі адам Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатыстылардың бірі аңшы мылтығынан жерге атады, алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді. Қазір 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам қашып жүр. Тергеу жагн-жал себебін анықтап жатыр.