Алматыдағы мектепте теңіз шошқасына тәжірибе жасаған мұғалім жұмыстан шығып кетті
Алматыдағы мектепте теңіз шошқасына тәжірибе жасаған мұғалім жұмыстан шығып кетті
Фото: domashnilubimci.eu
508
оқылды
Алматы қаласында орналасқан жекеменшік мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалімі оқушылармен бірге теңіз шошқасын сойып тастады. Осыған байланысты полиция іс қозғады.
«Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша, ҚР Қылмысытық кодексінің 316-бабы бойынша Әуезов аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдейді»,– делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінде мектеп мұғалімі теңіз шошқасын азаптап өлтірген соң, ары қарай оқушылар жануардың денесін кесіп, бөлшектеп жатқаны туралы видео шықты. Оқиғаны анықтау барысында аталмыш жағдай 17 ақпанда Алматы қаласының жекеменшік мектебінің 10-сыныбында биология пәнінің қосымша тәжірибелік сабағында болған. Алматы қалалық Білім басқармасы биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан шыққанын атап өтті.