Төтенше жағдайлар комитеті 7 өңірде ескерту жариялады
Төтенше жағдайлар комитеті 7 өңірде ескерту жариялады
© сурет интернеттен алынды
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жаңбырдың жаууына және түнде ауа температурасының төмендеуіне байланысты 7 өңірдің тұрғындарына сақтық шараларын қабылдауды ескертеді. «Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның жаууына және түнгі уақытта аяз болуына байланысты көктайғақ​ болады. Соның салдарынан жол-көлік апаттары, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің көшеде алатын зақымдары: құлаудан дененің соғылуы, сынық жарақаттары жиілейді. ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауға және сақ болуға шақырады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Қарт адамдарға ұшы резеңкемен қапталған немесе шырмауығы бар таяқты пайдалану қажет», - делінген хабарламада. Айта кетейік, синоптиктер 27 ақпан күні бірнеше өңірде ескерту жариялады.