Елордада жатақханада тұратын 25 адам газдан уланып қалды
Елордада жатақханада тұратын 25 адам газдан уланып қалды
© opennews.kz
231
оқылды
Елордада жатақханада тұратын 25 адам, оның ішінде 9 бала газдан уланып қалды, – деп хабарлайды ТЖМ.
«21 ақпанда таңғы 8 сағат 50 минутта 103 жедел жәрдемнен 4 қабатты жеке жатақхананың бірнеше бөлмесінің тұрғындарының улы газбен улануы туралы хабарлама түсті. 25 адам, оның ішінде 9 бала улы газбен уланған», – делінген хабарламада.
Бүгінде  уланудың себебін нақтылау және анықтау үшін оқиға орнына анықтаушы және сынақ зерттеу өрт зертханасы жіберілді. Алдын ала себеп – қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешінің істен шығуы. Тұрғын үйді жатақханаға өзгерткен. Объект өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталмаған. Тұрғын үйді жатақханаға ауыстыруға арналған құжаттар жоқ.