Атырауда полицейлер өртеніп жатқан үйден үш жасөспірімді аман алып шықты

Атырауда полицейлер өртеніп жатқан үйден үш жасөспірімді аман алып шықты

Төтенше оқиға бүгін, яғни, 21 ақпан күні Атырау облысына қарасты Мақат ауданында тіркелді. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Өртті байқаған полицейлер - бөлім бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков, аға учаскелік полиция инспекторы Тойғожа Азбергенов және учаскелік полиция инспекторы Сәкен Қазтұрғанов пәтердің терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп, екінші қабатта түтінге оранған пәтер ішінен 3 жасөспірімді қауіпсіз жерге эвакуациялаған. " Уақыттан ұтылмау үшін барынша жедел әрекет еттік. Бұл ерлік емес, біз қызмет бабында көмекке келдік" , – деді Мақат аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айымбек Қазбеков.