Тобыл қаласының депутаттығына кандидаттар жылжымалы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Тобыл қаласының депутаттығына кандидаттар жылжымалы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
375
оқылды
Бүгін Қостанай облысының Тобыл қаласында мәслихат депутаттығына кандидаттар «Roadshow» форматындағы мегафон арқылы сайлауалды бағдарламаның демонстрациясын өткізді. Олар  «Агромакс» сауда орталығында мобильді үгіт-насихат тобы қала тұрғындарын үгіт материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында партияның сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді. Үміткерлер азаматтарды көлікте қабылдап, олардың талап-тілектерін тыңдады. Депутаттармен кездесуде олар қала тұрғындарын өздері толғандырып жүрген  күрделі мәселелер туралы айтты.  width= Сондай-ақ, іс-шараға қала жастары  да белсенді қатысты. Азаматтармен кездесу үгіт-насихат тобына көптеген негізгі мәселелер бойынша кері байланыс алуға көмектесті. Кездесу барысында жәрдемақы мен зейнетақыны арттыру, ТКШ мәселелері және жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері сөз болды.
– «Біз жыл сайын негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, ең төменгі жалақының өсуіне қол жеткіземіз. Оның ішінде «AMANAT» партиясы жастар үшін әділ әлеуметтік лифті құру міндетін өз мойнына алады», - деді мәслихат депутаттығына кандидат Валерий Розумович.
Өз кезегінде мәслихат депутаттығына үміткер Қырмызы Жаңбыршина өз ойымен бөлісті.  width=
– «Әрбір азамат әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл мен қала инфрақұрылымын дамыту, өз құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы өз сұрақтарына жауап алатын болады. Біз жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайынбыз. Бұл біздің болашаққа деген ортақ міндетіміз», – деді үміткер.
Кандидаттар Тобылдықтардың барлық өтініштерін жазып алып, алдағы уақытта сол бойынша жұмыс жасайтындарын жеткізді.  

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді