Елорданың бірнеше көшесі жарықсыз қалды

Елорданың бірнеше көшесі жарықсыз қалды

Астананың оң жағалауындағы бірнеше көше «Астана» қосалқы стансасының апатты жағдайда тоқтап қалуына байланысты жарықсыз қалды. Ақмола облыстық электр желісін тарату компаниясына тиесілі "Астана" 110/10кВ қосалқы станциясында ақау орын алған.

«Астана» 110/10 кВ қосалқы стансасында электр қуаты ажыраған. Жұмысшылар ақаудың себебін анықтап жатыр» делінген Астана аймақтық электр желілік компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.