Алматы облысында 10 млн теңгелік қымбат қару сақталған орын табылды
Алматы облысында 10 млн теңгелік қымбат қару сақталған орын табылды
Алматы облысында сирек кездесетін қымбат қару жасырылған орын анықталды. 17 ақпан күні жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орынды анықтады. Тексеру барысында Remington 308 калибрлі иір ойықты мылтық карабині, екі оқжатары бар DSR 338 калибрлі жоғары дәлдіктегі мергендік карабині табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, Макаров тапаншасының 10 оғы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана жоғары дәлдіктегі карабин шамамен 10 млн теңге тұратыны анықталды. Айта кету керек, аталған қару-жарақ Қаңтар оқиғасы кезінде “Қорған” қару-жарақ дүкенінен ұрланған қарулардың тізіміне кіреді. ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Жамбыл ауданы ПБ СДТБТ-да тіркелді.