«Странджа-2023» турнирінде бірінші раундта ұтылып жатқан қазақстандық боксшы жеңісті жұлып алды
«Странджа-2023» турнирінде бірінші раундта ұтылып жатқан қазақстандық боксшы жеңісті жұлып алды
5,992
оқылды
Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Sports.kz. 1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақтағы О.Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахермен жұдырықтасып, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті Ирландия боксшысына берді. Осылайша, Оразбек Асылқұлов жарыстың келесі кезеңіне өтіп, онда Луис Оливейра (Бразилия) – Джамал Харви (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.