Бүгін елдің көп бөлігінде қар мен жаңбыр жауады – Қазгидромет

Бүгін елдің көп бөлігінде қар мен жаңбыр жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» ақпанның 22-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады. Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар мен жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.