Журналистер мен блогерлерге қарсы қылмыс жасады деген күдікпен 18 адам ұсталды – ІІМ
Журналистер мен блогерлерге қарсы қылмыс жасады деген күдікпен 18 адам ұсталды – ІІМ
Соңғы 6 айда журналистер мен блогерлерге қарсы заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталған. Бұл туралы ҚР ІІМ мәлімдеді. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметіне байланысты бірқатар заңға қарсы әрекеттер жасалған.
"Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115-бабы "Қауіп", 147-бабы "Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату", 158-бабы "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою", 293-бабы "Бұзақылық" бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды" делінген хабарламада.
Қазір қажетті тергеу жедел іс-әрекеттері жүріп жатыр.