Бүгін «AMANAT» партиясы атынан Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Асқар Сүлейменов Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ұжымымен кездесті.
Талғар ауданындағы Мемлекеттік табиғи қорығының 90 жылдық тарихы бар. Қазірде нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік резерваттар желісіне енген. Мұнда 1440 өсімдік түрі өседі. Мыңнан аса жануар түрі мекендейді. Олардың қатарында ҚР Қызыл кітабына енгендер де бар. Нысанда 40-қа жуық маман табиғат байлығы мен аң-құстарды қорғауда қалтқысыз қызмет етеді.
Қорық ұжымымен кездесуде Асқар Сүлейменов қатысушыларға сайлауалды бағдарламаны таныстырды. «AMANAT» партиясы Алматы облысының экологиялық мәселелерін шешуге күш салатынын жеткізді.
«Қазіргі таңда, өңір аумағында 50-ге тарта рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі бар. Алдағы 5 жылда барлық заңсыз полигондар жойылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 22-ден 40,2 пайызға дейін артады. Өңірдегі экологиялық жағдай жақсарады, Қонаев қаласындағы кәріз тазарту құрылыстарының тозу проблемасы толығымен шешіледі», − деді өз сөзінде.Сонымен қатар, кандидат сайлауалды бағдарламаның өзге тармақтарын жіті түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – жоспарға қойылған басты міндет екенін жеткізді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді