Странджа турнирі: бүгін қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады
Странджа турнирі: бүгін қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады
©ҚБФ
313
оқылды
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде 22 ақпанда қазақстандық төрт спортшы шаршы алаңға шығады, – деп хабарлады ҚазАқпарат. Елорда уақытымен сағат 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Ерасыл Таңқай (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) сынға түседі. Айта кетсек, бұған дейін Ерасыл Таңқай пен Ертуған Зейнуллинов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал Нұрқанат Райыс пен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуін өткізеді. Енді Ерасыл Таңқай филиппиндік Пол Джулайфер Баскон, Ертуған Зейнуллинов өзбекстандық Мужибилло Турсуновпен кездеседі. Сондай-ақ, Нұрқанат Райыс аустралиялық Доминик Молинаро, Қамшыбек Қоңқабаев нидерландтық Стэн Бертенспен шеберлік байқасады.