«Мені депутаттар сайлады» деген әкім жазаға тартылды

«Мені депутаттар сайлады» деген әкім жазаға тартылды

Әкімге ауылдағы ыңғайсыздықты айтқан әйелге өзін халық емес, депутаттар сайлағанын айтып дауыс көтерген еді. Ал бүгін «Мені депутаттар сайлады» деген әкімге осы сөзі үшін қандай жаза тағайындалғаны айтылды. Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаев ауыл мәселесіне қатысты тұрғындармен кездесу барысында әйелдер қауымына қарата дауыс көтерген. Сөз арасында Ащыбұлақ тұрғыны оның оқиға орнына келіп, өзіне дауыс берген халықпен бірге болуы міндет екенін айтқан.

«Сіз қателесіп тұрсыз. Мені депутаттар сайлады. Келесі сайлауға түсер болсам ғана мені халық таңдайды»,- деген болатын.
Ауыл тұрғыны бірден «Сонда сіз депутаттар үшін жұмыс істейсіз ба? Халық үшін емес па?» деп сұрақ қояды. Әкім бірден «жоқ әрине» дейді артынша «Иә» деп қосады. Бүгін әкім Оңалбаев осы әрекеті үшін ескерту алды. Бұл жөнінде аймақтың мемлекеттік қызметкерлер ісі бойынша Агенттік департаменті хабарлады.