«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Бүгін партиялықтар Қарағанды облысына келді.
Теміртауда экологтармен, қала белсенділерімен және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу барысында партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген экологиялық ахуалды жақсарту шаралары талқыланды.
«Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі Теміртау тұрғындары үшін бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан біз осы өңірдегі алғашқы кездесуді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арнадық», – деп атап өтті «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов.Костенко атындағы шахтада партиялықтар көмір өндірушілер мен металлургтер кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыс берушінің жауапкершілігін және өндірістегі қауіпсіздікті арттыру мәселелерін талқылады.