Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер Ерлан Сұлтангереев, Айнұр Бақтығалиева және Нұрила Жарболова бүгін №4 қалалық емхана ұжымымен кездесті. Кездесу барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Ерлан Сұлтангереев жиналғандарға кәсіби медициналық көмектің қолжетімділігіне тоқталды.
– «AMANAT» партиясы облыста 42 денсаулық сақтау нысанының құрылысын жүргізуге қол жеткізеді. Оның ішінде аудандық ауруханалар, фельдшерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар бар. Медициналық көмек ауыл тұрғындарына жылдам әрі қолжетімді болуы керек. Осы орайда біз 35 аурухананы күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз етеміз, заманауи рентген аппараттары және басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып аламыз. Біздің мақсатымыз – сіздерге жағдай жасау. «АМАNАТ» барлығына тең мүмкіндіктер тудырады, – дей келе Ерлан Сұлтангереев медицина қызметкерлерін партия кандидаттарына дауыс беруге шақырды.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді