Петропавлда 19 жастағы қыз 2 күннен бері табылмай жатыр
Петропавлда 19 жастағы қыз 2 күннен бері табылмай жатыр
689
оқылды
Петропавлдың 19 жастағы тұрғыны Шынар Байғабұлға іздеу жарияланды. Бойжеткен 20 ақпан күні таңертең үйінен шығып кеткен бойы оралмаған. Шынар Асқарқызы Байғабұлдың жоғалғандығы жөнінде волонтерлер әлеуметтік желіде жазба таратты. Айтуларынша, бойжеткен 20 ақпан күні таңертең сағат 9.00 шамасында Петропавлдағы Қизатов көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Содан бері одан хабар үзілген.
"Шынардың бойы 160-165 см шамасында, арықша келген, қара шашты, «каре» етіп қиылған. Қой көзді. Сол күні үстінде ақшыл қоңырқай түстес бас киім, ақшыл қызғылт куртка, қара шалбар, табаны қалың қара бәтеңке болған", – делінген хабарламада.
Жоғалған қыз жайында қандай да бір ақпарат білген жағдайда «102» немесе 8 777 307 99 65 немесе 8 926 626 64 33 телефон нөміріне хабарласуға болады.