Аманаттықтар кәсіпкерлермен кездесті
Аманаттықтар кәсіпкерлермен кездесті
2,247
оқылды
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Асқар Абдуалы, Гулам Омаров, Қанат Ордабаев, Анар Бексұлтанова мен Жақсыбек Қасымбеков облыс орталығындағы «AVATARIA» ойын-сауық орталығында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
"Партияның басты мақсаты – елді дамытып, халықтың әлеуетін жақсарту. Әрбір кәсіпкер мемлекет қолдауын сезуі қажет. Қиындықтар мен кедергілерге тап болған әрбір азаматтың мәселесі біздің назарда. «AMANAT» партиясы шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына ерекше назар аударып отыр. Себебі, дәл осы сектор экономикалық дамудың қарқыны мен жұмыспен қамтудың деңгейін маңызды драйвері болып саналады. Сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатының артуына оң ықпал етеді. Бүгінгі таңда өңірде 92,6 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектілері бар. Онда 133,3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазір мұндағы шығарылатын өнім мен қызмет көлемі 311 миллиард теңгеден асады. Әйтсе де, бұған тоймейілсуге болмас. Сол себепті де, бұл саланың дамуы үшін қаржыландыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде. Алдағы 5 жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын ұлғайту көзделуде. Осылайша, олардың саны 2027 жылға қарай 97 мыңға жетеді. Ал бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға дейін өседі", – деді Асқар Абдуалы.
Кездесу соңында штаб мүшелері мен кандидаттар қала тұрғындарын наурыз айында өтетін сайлауда халықтың аманатын арқалаған «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.