Атырауда «AMANAT» партиясының кандидаттары «Отбасы Банк» ұжымымен кездесті

Атырауда «AMANAT» партиясының кандидаттары «Отбасы Банк» ұжымымен кездесті

Баспана – кім-кімнің де басты арманы. Ал, бұл бағытта мемлекет тарапынан көптеген бастама, бағдарламалар ел көлемінде сәтті жүргізіліп келеді. AMANAT партиясы да халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жолға қойған. Мәселен, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында таяудағы 5 жылда халықтың сұранысына орай, сапалы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру қарастырылған. Партия 730 мыңнан астам отбасы үшін қолжетімді бағадағы 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарын іске асыруға кепіл болмақ. Осы игі бастамаларды ел бойынша сәтті жүргізіп отырған құрылымдардың бірі - «Отбасы Банк» АҚ. Бүгін AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалының бір топ мүшелері, 19 наурызға бекітілген сайлауға қатысатын кандидаттар аталған банктің облыстық филиалына барып, ұжыммен кездесті. Ашық форматтағы диалог алаңында облыстық сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 3,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салуға ықпал ету жоспарда екені айтылды. Партияластар баспана мәселесімен қатар, өзге де маңызды тақырыптарға қатысты пікірлерін білдірді. Мәселен, кандидат Азамат Асылбекоа зейнет жасын қозғады. «Зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстар жиі көтеріледі. Партиялық бағдарламада ауыр өнеркәсіпте жұмыс жасайтындардың зейнет жасын қайта қарау туралы бастама бар. Орташа жалақыны, әлеуметтік төлемдерді есептеген кезде, ең төменгі жалақы көрсеткішіне сүйенеді. Ал, ол сома өмірден мүлдем алшақ. Сондықтан, орташа жалақы көлемі арқылы есептеу туралы айтылуда. Егер, осы көрсеткішпен есептелсе, қазіргі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар 1,7 есеге артуы мүмкін» деген ол партиялық бағдарламаның 10 міндетіне негіз болған қоғамның 10 сұранысы туралы да айтып өтті. Бұған қоса, «Жайлы мектеп» бағдарламасының тиімді тұстары сараланды. Ал, үміткер Еркебұлан Бадел «Ауыл аманаты» партиялық жобасының ауыл тұрғындары үшін тиімді тұстары көп екенін атап,  партия жанынан ашылған - «AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығының да атыраулықтар үшін көп көмек болғанын жеткізді. Жиынға кандидаттар Азамат Асылбеков, Арман Қасымов, Еркебұлан Бадел қатысты.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді