Алаяқ әйел мектепке кіріп, оқушының телефонын ұрлап кеткен
Алаяқ әйел мектепке кіріп, оқушының телефонын ұрлап кеткен
Орал қаласындағы мектептердің бірінде өзін педагог ретінде таныстырған алаяқ әйел оқушының телефонын ұрлап кеткен.
Белгілі болғандай, 26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде 4 сынып оқушысын тоқтатып, өзін педагог ретінде таныстырған. Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын айтып, ол баланың затын иеленген. Оқушы кері қайтарып беретініне иланып, оның қолына ұялы телефонын ұстатқан. Алаяқтың әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған.
"Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы - "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргзіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.