Каспий құбыр консорциумы құбыр жүйесіне қазақстандық Теңіз кен орнынан мұнай қабылдауды тоқтатқанын хабарлады.
«Қазіргі жағдай бойынша КҚК жүйесіне Теңіз мұнай айдау станcасындағы Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау тоқтатылды. КҚК Теңіз терминалының резервуар паркіне мұнай айдалмайды», – делінген мәлімдемеде.Әзірге Қазақстандағы «Атырау» және Ресейдегі «Комсомольская» мұнай айдау стансаларында мұнайды қабылдау қысқартылған режимде жүріп жатқаны айтылуда. Сыртқы нарыққа мұнай жеткізетін құбыр жабылғаннан кейін еліміз үшін оның салдары қандай болары қазір белгісіз.