Қазақстандықтар қоқыс тастағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Қазақстан Конституциясының 24-бабына сәйкес, мәжбүрлі еңбекке тек қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы сот актісі негізінде ғана жол беріледі.
«Қазір қолданыстағы заңнама Қылмыстық кодекстің 43-бабы шеңберінде қоғамдық жұмыстарды қолдануды көздейді. Конституцияның 24-бабы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мәжбүрлі еңбекке тартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, енді әкімшілік істер шеңберінде қоғамдық жұмыстарды да қолдану қажет», – делінген жарияланған құжатта.Құжатта егер адам ұсақ бұзақылық жасаса, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастаса, мұндай құқық бұзушыға бірнеше АЕК көлемінде айыппұл салудың орнына қоғамдық жұмыстарға тартуға болатыны айтылған.