Шымкентте автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Шымкентте автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: otyrar.kz
769
оқылды
Шымкентте автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 22 ақпанда сағат 10.00 шамасында Ахмет Байтұрсынов көшесінде болған. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады. Зардап шеккен қыз жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде қалалық №27 бағыттағы автобус оны қағып кеткен. Жүргізуші қызды көрген бойда тежегішті басып, рөлді өзге бағытқа бұрған. Алайда кенеттен шығып қалғандықтан, алдын  алу мүмкін болмаған. Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге қоңырау сағат 10.17-де түскен. Мамандар сол жерде кәмелетке толмаған қызға медициналық жәрдем беріп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Онда алғашқы көмек берілген соң жасөспірім балалар ауруханасына ауыстырылған. Қазіргі жағдайы орташа ауыр.
"Баланың жағдайына байланысты нейротравматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі баланың жағдайы орташа ауыр, есін біледі, жабық бас ми жарақатын аллған, бас миы соғылған", — деп мәлімдеді Шымкент клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің хирургия ісі жөніндегі орынбасары Ержан Байдуллаев.