Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандық азамат ұсталды
Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандық азамат ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
674
оқылды
Пәкістан Республикасының 9 азаматы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпек болған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады", –  делінген хабарламада.
Қазір осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.