UFC турнирі Қазақстанның қай қаласында өтетіні белгілі болды
UFC турнирі Қазақстанның қай қаласында өтетіні белгілі болды
prosports.k
160
оқылды
MMA әлеміндегі ең беделді ұйым UFC-дің (Ultimate Fighting Championship) Қазақстандағы турнирі қай жерде өтуі мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлады prosports.kz. Бүгін бірнеше қазақстандық және ТМД елдері спортшыларының менеджері Саят Абдрахманов Instagram-парақшасында UFC Қазақстанда 13 маусым күні турнир өткізуді жоспарлап жатқанын жазды. MMA Fighting басылымының мәліметінше, Fight Night турнирі 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Айта кетейік, UFC-мен Қазақстанның екі спортшысының келісімшарты бар. Ол - Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұлов.