Бүгін «AMANAT» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Шымкент қаласындағы «Тең қоғам» орталығында кездесу өткізді. Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар бұл орталық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастырудан бастап, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық кеңес беру және кәсіпке баулумен айналысады.
Кездесу барысында аманаттықтар «Тең қоғам» орталығының ұжымы мен осындағы қызмет алушы азаматтарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп берді.
– «AMANAT» партиясы мемлекеттің табысы төмен отбасыларға, көпбалалы отбасыларға, балаларға, қарияларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша әлеуметтік қолдау көрсетуіне ықпал етеді. Бірінші кезекте жәрдемақы мөлшерін арттыруға күш саламыз. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ыңғайлы инфрақұрылым жасалады. Мүгедектікті растау рәсімдері жеңілдетіледі. Әлеуметтік бизнесті дамытуға заңнамалық деңгейде қолдау көрсетіледі. Ал Шымкент қаласына тоқталсақ, 2025-2027 жылдары әрқайсысы 150 орынды 2 жаңа оңалту орталығы салынып, пайдалануға беріледі. Бұл жерде емделушілер білікті мамандардың көмегімен оңалтудан өтеді. Бұдан бөлек, алдағы 5 жылда қалада «Бақытты жанұя» атты 5 орталық ашылуына ықпал жасаймыз, – деді «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.