Еліміздің жеті облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

Еліміздің жеті облысында жол қозғалысына шектеу енгізілді

Елімізде республикалық маңызы бар 10 күре жол жабық. «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарламасына сәйкес, жеті өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

«Ауа райының қолайсыздығына (боран, көрудің шектелуі), жасанды жолмен қар көшкінін түсіру және еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді. Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға және жабылған күре жолдарға шықпауға шақырамыз», – делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы атап өткендей, ауа райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет. Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.